Алматы облысында балықшыларға айыппұл салынды

Фото: Фото: Алматы облысы ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Тәртіп бұзушылар Қапшағай су қоймасында түнгі рейд барысында анықталды.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері, атап айтқанда тәуліктің түнгі уақытында мұзға шығу фактілері анықталды.

– ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес 58 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден асады. Тәртіп бұзушылардың дені балықшылар,– деп хабарлады департаменттен.

Фото: Алматы облысы ТЖД

Осыған дейін Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері 25 балықшыны құтқарғаны туралы жазған едік.

Еске салсақ, Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кетті, оның ішінде төрт жолаушы болған. 

Фото: Алматы облысы ТЖД