Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері 25 балықшыны құтқарды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Алакөл ауданында мұз үстіне шығып кетіп, жаға жете алмай қалған 25 балықшы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Алакөл көлінде Ақши ауылы мен Көктұма ауылы арасында мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.
ТЖМ қатпаған мұз үстіне шығудың адам өмірі үшін өте қауіпті екенін, қыс мезгілінде көл бетіне шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында құтқарушылар 13 адамды қар құрсауынан шығарғанын және Алакөлдік қорықшылар мұз үстінде жүре алмай қалған елікті құтқарғанын жазғанбыз.