17:18, 08 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алакөлдік қорықшылар мұз үстінде жүре алмай қалған елікті құтқарды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында қорықшылар мұзда жатып қалған сібір елігін қамысты жағалауға шығарды.
Әлеуметтік желіде қорықшылардың елікті құрғаққа шығарып жатқан жазбасы тарады. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында мұз үстіне шығып, жүре алмай қалған сібір елігін кездестірген.
Инспекторлар жануарды жағалауға жеткізіп, қауіпсіз жерге босатты.
- 9, 10-шы айналымдарды көл жағалауларын бақылау барысында мұзда жүре алмай қалған елікті көрдік. Әлсіреп қалған жануар жағалауға жіберілді, - делінген жазбада.
Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында браконьерден 100 келіден аса балық, 16 дана темір тор тәркіленгенін және ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарғанын жазғанбыз.