Жетісу облысында браконьерден 100 келіден аса балық, 16 дана темір тор тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісуда Лепсі өзенінен заңсыз балық аулаған азамат ұсталды. Оның табиғатқа келтірген залалы шамамен 800 мың теңгеге жуық. 

Жетісу облысында браконьерден 100 келіден аса балық, 16 дана темір тор тәркіленді
Фото: видеодан алынған скрин

Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Лепсі өзені бойында өткізген рейдік іс-шаралар барысында тыйым салынған құралдарды пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. 

Браконьерден ұзындығы 100 метр, ені 5 метр болатын 8 бірлік ау мен 16 дана темір тор және қайық тәркіленді. Тінту барысында 100 келіден астам балық табылды.

Алдын ала есептеулер бойынша табиғатқа келтірілген залал шамамен — 777 мың теңге.

Табиғатты қорғау қызметкерлері браконьерлік іс балық популяциясына қауіп төндіретінін және табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетінін ұмытпауды ескертеді. Ол үшін заңда 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық осыған дейін Қазақстан бойынша Алакөлде ғана кездесетін реликті шағалаға GPS қондырғысы орнатылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар