Жетісу облысында құтқарушылар 13 адамды қар құрсауынан шығарды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Ақсу ауданында жолда қалған жолаушыларға құтқарушылар көмек берді. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Жетісу облысында 5 көлік қар құрсауында қалды
Фото: Видеодан алынған скрин

Бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында, Көшкентал ауылының маңында төрт жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.

— Құтқарушылар дереу оқиға орнына шығып, қар құрсауынан барлығы 13 адам, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Қапал ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.

ТЖМ қызметкерлері сапарға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы жағдайын қадағалауды ескертеді. Еске салайық осыған дейін Талдықорған-Қызылағаш жолы жабылғанын және Ақсу ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар