Талдықорған-Қызылағаш жолы жабылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы QazAvtoJol мәлімдеді.
Ауа райының құбылуына байланысты Жетісу облысында автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелді. «QazAvtoJol» ҰК- ның мәліметінше Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейінгі трасса уақытша жабылды.
— 8 қаңтар сағат 21:00–де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 276-325 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Шектеу қойылған жол аралығын ашу 9- шы қаңтар сағат 01:00–де жоспарланған. Еске салайық осыған дейін Ақсу ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын және Алматыда 33 жол-көлік оқиғасы болғанын жазғанбыз.