Жетісу облысы: Ақсу ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM -  Жетісуда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақсу ауданындағы бірнеше ауылды жалғап жатқан автомобиль жолдары уақытша жабылды.

5 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: БҚО ТЖ

Жетісу облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша 8 қаңтар сағат 18:45-тен бастап ауа райының нашарлауына (боран, көру мүмкіндігінің шектелуіне) байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

- Облыстық маңызы бар «Қапал-Арасан» автожолы (0-77 шақырымы) Қоңыр, Көктөбе және Ақын Сара ауылдарына кіреберіс жолдар жабылды. Шектеу барлық көлік түріне қатысты, - делінген хабарламада.

Жолға жауапты мамандар көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға, күн райының бұзылып, нашарлаған уақытында сапарға шықпауды ескертеді.

Еске салайық, осыған дейін Жетісу облысында Алтын Емел асуының жолы жабылғанын және ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар