Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылады

 ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

Ауа райына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Жолды 9 қантар сағат 10:00-де ашу жоспарланған. 

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Жетісу облысында Алтын Емел асуының жолы жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар