17:09, 08 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қалың қар мен көктайғақ: Алматыда 33 жол-көлік оқиғасы болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ауа райына байланысты жол апатының саны артқан.
Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 7 қаңтар сағат 22:00-ден 8 қаңтар 12:00-ге дейін 33 жол-көлік оқиғасы болған. Жол апаттары салдарынан 2 азамат зардап шекті.
Бұған дейін Алматы полициясы жүргізушілерге ескерту жасағанын жазғанбыз.
Полицияның бұл үндеуі ауа райының және қаладағы жол қозғалысы жағдайының нашарлауына байланысты жасалды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, орындалатын маневр туралы басқа жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала ескертуге шақырды.
Еске салайық, ШҚО-дан Ресейге бара жатқан автобус жолда қалып, 46 адам эвакуацияланды.