Алматы облысында итті көлікпен сүйреген күдікті ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында белгісіз азамат итті көлікке байлап, оны жол бойында сүйреген. Жантүршігерлік оқиғаның бейнжазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Фото: видеодан алынған скрин

Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бұл фактіні анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Талғар ауданы ПБ қызметкерлері 38 жастағы ер адамды қолға түсірді.

– Жануарларға қатігездік жасау фактісі бойынша күдікті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл тамыз айында итті көлікпен сүйреген тағы бір Алматы облысы тұрғынының үстінен іс қозғалған болатын. Сондай-ақ Атыраудағы балабақшаның ауласында итті қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.