Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Павлодар облысы соты

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді. 

Айта кетелік СҚО-да алаяқтар екі күнде 3 адамды алдап, 13 млн теңгені қолды етті