Бір облыста көлік қозғалысы шектелді

Фото: Жамбыл облысы ПД

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

– 2026 жылғы 9 ақпан сағат 02:00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 2295-2436 шақырымы аралығында (Қаншеңгел ауылынан Ақсай ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлағанбыз.