Алматы облысында мас күйінде трактор айдаған азамат 2 жылға сотталды
ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысы Райымбек аудандық сотында көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған тұлғаның мас күйде қайта көлік басқаруына байланысты іс қаралды.
Алматы облысы Райымбек аудандық сотының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың тамызында бұрын өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған сотталушы мас күйінде мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ тракторды басқарып, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзған.
— Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, — деп хабарлады аудандық соттан.
Айта кеткен жөн, 2022 жылдың 12 қыркүйегіндегі Райымбек аудандық сотының үкімімен сотталушы дәл осы бап бойынша сотталып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеген.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысып, 6 адам зардап шеккенін жазғанбыз.