Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыстан үш адам қаза тапты
14:19, 11 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты.
— Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетелік Алматы облысында құтқарушылар газ баллондарының жарылысының алдын алған еді.