«Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өтеген ауылында болған.
Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді.
«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар қыздың өліміне желідегі ойындар мен буллингтің қатысы жоқ екенін нақтылаймыз», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Осыған дейін Алматыда екі жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында қайтыс болғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ ҰҚК Шекара академиясының курсанты Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен.