Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Мен үйге Жамбыл ауылы арқылы барамын. Жол бойындағы газ құбыры осылайша өздігінен тербеліп жатыр, оны ешкім қозғап жатқан жоқ. Қысымнан ба?» - дейді видео авторы.
Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы газ құбырына екі тірек орнатылғанын хабарлады.
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ – аталған елді мекеннің операторы. Компания тұрғындардың ескертулерін назарға алып, газ құбырына екі тірек орнатты. Егер мұндай ақаулар тағы да анықталып жатса, дереу 7 705 222 6463 нөміріне хабарласуды сұрайды», - деп атап өтті басқармадан.