АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 миллион теңге ұсынған 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтының Telegram арнасына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, 51 жастағы күдікті 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне қатысты Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру жөнінде тапсырыс беріп, 10 млн теңге ұсынған.
Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.
Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)