Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен 2 адам қаза тапты

Фото: Freepik / ЖИ

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенді. 

Оқиға орнына жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаменті күштері өртті толық сөндірді. Төтенше жағдайдан әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды.

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 18 қарашада Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болғанын хабарлағанбыз.

Ал 1 желтоқсанда осы өрт кезінде зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды.