Алматы облысында үш жол көктемге дейін жабылады

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - 17 қарашадан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін Алматы облысында өңірлік маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысы шектеледі.

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі жабылатын жолдарды атады.

Қозғалыс жабылатын жолдар:

* КВ-45 «Талғар – Спутник» — 6-шақырымнан бастап;

* КВ-64 «Түрген – Обсерватория» — 19-шақырымнан бастап;

* Р-17 «Алматы – Талғар – Евгеньевка» — Есік қаласына кіреберіс жол, 7-шақырымнан бастап.

Аталған жолдармен тек қызмет көрсетуші ұйымдардың, шұғыл қызметтердің көліктері және жергілікті тұрғындар ғана жүре алады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Еске салсақ, Астанада Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысы уақытша жабылады.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында 284 шақырымдық жол учаскесі жабылатыны хабарланды.