ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз қалдықтар үйінділерін анықтаудың негізгі құралдарының бірі - ғарыштық мониторинг, бұл проблемалық аймақтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша биыл Алматы облысында 86 заңсыз қалдықтар үйіндісі анықталды, оның 79-ы жойылды. Осылайша, анықталған орындардың шамамен 92%-ы бүгінгі күнге дейін тазартылды. Қалған қоқыс үйінділерінде жұмыс жүріп жатыр.
Сонымен қатар, жер үсті мониторингі жүргізілуде. Экология департаментінің мамандары мен аудан әкімдіктерінің өкілдерінің бірлескен далалық сапарлары тағы 20 заңсыз қалдықтар үйіндісін анықтады. Ақпарат жергілікті билік органдарына жедел жеткізіліп, олар тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Мониторинг тек бар қалдықтар үйінділерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оларды алып тастауды бақылауға және қалдықтарды заңсыз тастаудың алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
-Бұл саладағы жұмыс «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Елді мекендерді уақтылы тазалауға және тазалыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылған,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасы қолға алынғаны туралы жаздық.