Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.
«Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция басқармасына, «Қазселденқорғау» мекемесіне, прокуратураға және өзге де ұйымдарға хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,-деп атап өтті департаменттен.