Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, 24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды. Атап айтқанда:
Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (денсаулық сақтау - 1, білім беру - 8, әлеуметтік нысандар - 2);
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру - 7, денсаулық сақтау - 1, әлеуметтік нысандар - 6);
Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 3);
Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (денсаулық сақтау - 4);
Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру - 2);
Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 2, әлеуметтік нысан - 1);
Іле ауданы бойынша – 3 нысан (денсаулық сақтау - 3);
Қарасай ауданы бойынша – 4 нысан (білім беру - 4).