ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының таулы аймақтарында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылу беру басталды.
Өзге аудандарда жылыту маусымы 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен басталады.
Биыл Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жүргізуге және оны өткізуге 13,6 млрд теңге қарастырылған.
Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 188 шақырым.
Облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 71%-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Еске салсақ, Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріле бастайтыны хабарланды.
Сондай-ақ СҚО-да жылыту маусымы басталды.
Қырмызы Скендір
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. «Дебат — интеллектуалды пікірсайыс алаңы» кітабының авторы. 2020 жылы Balbal сайтында журналист, 2022 жылы
«Азамат» теледебаты жобасында шеф-редактор қызметін атқарды. 2022-2026 жылдары Stan.kz сайтында журналист болып жұмыс істеді. 2026 жылғы қыркүйектен бастап Kazinform агенттігінің Алматыдағы тілшісі.