Алматы облысында жол апатынан 48 жастағы әйел қайтыс болды
21:46, 29 Қазан 2024
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаев қаласының маңында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам мерт болып, үшеуі жарақат алды.
«Алматы-Өскемен» автожолының 85 шақырымында жүріп келе жатқан Suzuki Grand Vitara автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола аламай, аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 48 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Түрлі жарақаты бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында полиция қызметкерін көлігімен сүйреп өткен жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз.
Бірнеше күн бұрын Атырауда полицейден ескерту алған жүргізуші 3 жолаушымен бірге жол апатынан көз жұмды.