Алматы облысындағы колонияда 14 баланың ауырып жатқаны рас па

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясында балалардың жаппай ауырып қалғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Фото: Pixabay.com

Адвокат Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында №10 әйелдерді түзеу мекемесінде 14 бала ауырып қалғанын, олардың үшеуі ауыр жағдайда реанимацияда екенін жазды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан түрмелеріндегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін екенін жазғанбыз.