Бұл жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ оқиға орнында қазір Алматы облысы мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің бірлескен жедел штабы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстарға барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, 2 шілде сағат таңғы 6:50 шамасында Жанатұрмыс ауылындағы «Карьер Аксай» ЖШС аумағында Ақсай өзені арнасы табанының шайылуы салдарынан карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ опырылды. Соның салдарынан қазір 9 жеке үйдің тұрғындарын уақытша көшірілді.
Еске салайық, кеше Еңбекшіқазақ ауданында «Түрген — Асы» автожолын және демалыс аймағын су басты.
Сондай-ақ нөсер жауынға байланысты Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілді.