Алматы облысының Жаңаталап ауылында жаңбыр салдарынан көлбеу ағын пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде көлбеу ағын пайда болды.

Фото: Алматы облысы ТЖД

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар «Алматы-Алғабас» автокөлік жолының жиегі жартылай шайылып, 11 үй ауласынан ағын су жүріп өткен. Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ болған жерде жергілікті полиция қызметі орналасқан.

«Көлбеу ағын транзитпен өтті, су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда. Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді», - делінген хабарламада.