«Алматы-Өскемен» автожолында әскери техника жол апатына ұшырады

Фото: «ҚазАвтоЖол»

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында әскери техника жеңіл көлікпен соқтығысты. 

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол апаты 15 қаңтар күні, сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 56 шақырымында, Заречный ауылы маңында болған. Нақтырақ айтқанда, «Цзефан» автокөлігінің тралынан екі әскери техника түсіп кетіп, жолда аударылып, артынша полицияның «Ssang Yong Actyon» автокөлігімен соқтығысты.

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Алматы-Өскемен» автожолында 18 автокөлік соқтығысқанын жазған едік. 

Фото: «ҚазАвтоЖол»
Фото: «ҚазАвтоЖол»

Еске салайық, бұған дейін «Алматы-Өскемен» автожолында ірі жол апаты болғанын жазғанбыз.