«Алматы-Өскемен» автожолында ірі жол апаты болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – «Алматы-Өскемен» автожолында 18 автокөлік соқтығысты.

«Алматы-Өскемен» автожолында ірі жол апаты болды
Фото: видеодан алынды

«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде («Алматы-Қонаев» бағытында) жол апаты қалың тұман кезінде болған. Оқиға салдарынан 18 автокөлік зардап шекті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Еске салайық, бұған дейін «Астана-Щучье» тас жолындағы апаттан 95 көлікке зақым келгенін жазғанбыз. 

Сонымен қатар «Астана — Щучье» трассасында болған жол апатында 11 адам зардап шеккен. 

Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар