08:28, 15 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM - ТЖМ Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылғанын хабарлады.

- Түнде «Алматы-Өскемен» тас жолында Талдықорған қаласынан 10 шақырым жерде жолаушылар автобусы тұрып қалды.
ТЖМ қызметкерлері Талдықорған қаласының автовокзалына ақаулы автокөліктен 24 жолаушыны эвакуациялады, - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Айта кетейік, мұның алдында ШҚО-дан Ресейге бара жатқан автобус жолда қалып, 46 адам қауіпсіз аймаққа жеткізілген.