«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде («Алматы-Қонаев» бағытында) жол апаты қалың тұман кезінде болған. Оқиға салдарынан 18 автокөлік зардап шекті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Еске салайық, бұған дейін «Астана-Щучье» тас жолындағы апаттан 95 көлікке зақым келгенін жазғанбыз.
Сонымен қатар «Астана — Щучье» трассасында болған жол апатында 11 адам зардап шеккен.
Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылды.