«Алматы-Өскемен» тасжолында жүк көлігі өртенді

Фото: Абай облыстық ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысы аумағындағы учаскесінде жүк көлігі өртенді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алматы-Өскемен» тасжолының 900-шақырымында Shacman маркалы жүк көлігі өртенген.

— Алдын ала келіп түскен деректер бойынша өрттің шығуына ауыр жүк көлігінің техникалық ақауы себеп болған. От дөңгелек бөлігінен тарай бастаған. Жүргізуші жағдайды дер кезінде байқап, көлікті тоқтатып, қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ, — делінген ақпаратта. 

Осы ретте, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін мұқият тексеру қажеттігін еске салды.

Еске салсақ, осыған дейін елордада көлік бағанға соғылып, жүргізуші мерт болғаны хабарланған.