Жедел медициналық жәрдем қызметінің медициналық бөлімі бойынша директордың орынбасары Андрей Ложкиннің айтуынша, жедел жәрдем қызметіне келіп түскен шақыртулардың 10-13%-ы жарақат алғандар болды.
— Пиротехникадан 19 адам зардап шеккен. 55% жағдайда аяқ — қол жарақаттанған, қалғандары бет, көз және мойын жарақаттары, — деді Андрей Ложкин.
Мереке күндері қоңыраулар саныны 5-6% - ға артты. Өтініштердің негізгі себептері кенеттен болатын аурулар, тұрмыстық жарақаттар, күйіктер, ішімдіктен және тамақтан улану.
Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Жаңа жыл түні елімізде пиротехинка бұйымдарынан 16 адам зардап шеккені туралы мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ заңгер Нұрлан Жаңабаев отшашудан зардап шеккендер өз құқықтарын қалай қорғай алатыны туралы кеңес берген еді.