Алматы сан түрлі түске боялды – фоторепортаж

Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ағаштар бүршік жарып, көктемнің хош иісі аңқыды. Алматылықтардың әдемі көңіл күйі Кazinform тілшісінің фоторепортажында.

Алматы — көктемде ерекше әсемденіп, мың түске боялады.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қазір қалада ең алдымен өрік, шие ағаштары гүлдеп, қаланың көркіне сұлулық қосуда.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Айнала жасыл түске боялып, қала ішінде хош иіс аңқиды.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Қала тұрғындары да көп уақытын далада өткізіп, таза ауада жиі серуендеп жүр.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұрынғылар бұл ай туралы «Сәуір айы — қазақтың тәуір айы» деген.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Сәуір айы шопанға сарыуайым, малмен бірге бағады ауа райын» деп жырлады.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сондай-ақ бұл ай туралы халқымызда «Наурыз — суымен, сәуір — нуымен, мамыр — гүлімен», «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген мақал-мәтел, қанатты сөздер бар.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жасыл желекке оранған саябақтардың сұлулығын сөзбен суреттеу мүмкін емес. Оны тек көзбен көру керек.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Әсіресе, Есентай өзенінің жағалауындағы таңғажайып көрініс ешкімді де бейжай қалдырмайды.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұған дейін Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдегені туралы жазғанбыз.