Алматы тауларында қару мен оқ-дәрі табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы тауларында қараусыз қалған қару табылды.

Фото: видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаменті Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылғанын хабарлады. Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні анықтаған.

— Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды. Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырады, — деп мәлімдеді департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында топ болып ер адамға шабуыл жасап, көлігіне оқ атқандар ұсталды.