Белгіленген уақытта байланысқа шықпаған әрі телефоны қолжетімсіз болған соң, жақындары дабыл қаққан.
Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары шұғыл аттанды. Құтқарушылар 3200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңы бағытына қарай беткейлерді жаяу тексерді.
Бағытты тексеру барысында жоғалған ер адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оны «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін қауіпсіз түсіріп, жақындарына табысталды.
Айта кетелік Көкшетауда құтқарушылар ақауы бар паромдағы 25 адамды эвакуациялаған еді.