Тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқан 1988 жылы туған әйел тайып құлап, құйымшақ тұсынан жарақат алған. Оқиға туралы хабар түскен соң Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел түрде оқиға орнына жетті.
Құтқарушылар зардап шеккен тұрғынды арнайы зембілге жатқызып, оны Алмарасан автотұрағына дейін апарды. Әрі қарай жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық тексеруге жіберілді.
Сонымен қатар құтқарушылар тауда болған тағы екі әйелге көмек көрсетті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін Алматы тауларында адасып қалған төрт турист құтқарылған болатын.