Ведомство мәліметінше, «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялары тіркеген дүмпу Алматыда 2 балл болып сезілген. Ал автоматты хабарлау жүйесі тек 5 балдан жоғары қауіпті деңгейдегі жер сілкіністері кезінде қосылады.
— Ескерту 5 балдан жоғары болғанда іске қосылады, — деп хабарлады министрлік.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпуі Алматы облысындағы Түрген ауылы мен Есік қаласында 4 балға дейін сезілген, ал басқа елді мекендерде 2-3 балл шамасында тіркелген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ, деректер өңделіп жатыр.