Алматы зообағы Гималай қонжықтарына ат қою үшін байқау жариялады
16:00, 12 Шілде 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы зообағында дүниеге келген қонжықтарды көпшілік көруге мүмкіндік алды.
Алматы зообағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қос қонжыққа ат қою үшін әлеуметтік желі арқылы ұсыныстар қабылданады.
«Бізде тамаша жаңалық бар: біздің гималайлық қонжықтарымыз өсіп, сымбатты болып келеді. Олардың дамып, өсіп келе жатқанына қатты қуаныштымыз. Енді біз сіздердің пікірлеріңізді білгіміз келеді. Сіздердің ойларыңызша, біздің кішкентай сүйкімді достарымызға қандай аттар лайықты. Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, ең қызықты ұсыныстарды міндетті түрде қарастырамыз», - делінген зообақ өкілдері таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Тянь-Шаньнің ақ тырнақты аюлары — Герда мен Құрманбек жұбы екі қонжықты өмірге әкелгені туралы жазған едік.