«Айсар (сар – мықты, күшті) «ай сияқты мықты» деген мағынаны білдіреді, әрі оның күші мен кереметтігін бейнелейді. Оның есімі түнгі аспандағы ай сияқты күштілік пен тұрақтылықты көрсетеді. Талас – Қазақстандағы өзеннің аты. Ағынды және үздіксіз қозғалысты білдіреді. Бұл есім табиғаттың күшін және ғұмырлы екенін көрсетеді», - деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.
Осыған дейін Тянь-Шаньнің ақ тырнақты аюлары – Герда мен Құрманбек жұбы екі қонжықты өмірге әкелгені туралы жазған едік.
Кейін Алматы зообағы Гималай қонжықтарына ат қою үшін байқау жариялады.