«Алатау Жарық Компаниясы» мәліметінше, жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 08:00–ден 17:00–ге дейін, ал кейбір аудандарда 09:00–ден 17:00–ге дейін жүргізіледі. Жекелеген жерлерде электр жарығы бұдан қысқа уақытқа өшіріледі.
12 қазанда Әйтеке би, Гоголь, Исаев, Қазыбек би көшелерінде, сондай-ақ Шаңырақ-1, Қарағайлы, Ақжар және Көктөбе шағынаудандарында жөндеу жүргізіледі.
13 қазанда Сәтбаев, Айманов, Гагарин, Абай, Тлендиев көшелерінде, сондай-ақ Әйгерім-1, Әйгерім-2, Самғау және Қалқаман-2 шағынаудандарында электр жарығы уақытша өшуі мүмкін.
14 қазанда Қазыбек би, Сейфуллин, Төле би, Карьерная көшелерінде, сондай-ақ Ұлжан-1, Өжет, Рахат және Горный Гигант шағынаудандарында жөндеу жүргізіледі.
15 қазанда Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов көшелері мен Ұлжан-1, Ұлжан-2, Маяк және Өжет шағынаудандарында жарық уақытша өшіріледі.
16 қазанда Мыңбаев, Клочков, Төле би, Шевченко көшелерінде, сондай-ақ Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2 және Өжет шағынаудандарында электр желілеріне жөндеу жүргізіледі.
Электр жарығын өшірудің нақты уақыты мен мекенжайлары көрсетілген толық кестені сілтемеден көруге болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда электр желілерін шұғыл жөндеу жұмыстарына байланысты Орталық көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатыны хабарланды.
Жөндеу 2026 жылғы 8-15 қазан аралығында Орталық көшесі, 36 мекенжайында жүргізіледі. Осыған байланысты Қ. Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.