Алматыда 12 жастағы баланы 13 жастағы танысы пышақтап өлтірген

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жантүргішерлік қанды оқиға болды. Бозбала пышақ жарақатынан жан тапсырды.

Фото: threads/ 017aimv

Әлеуметтік желіде марқұмның туыстары 12 жастағы баланы 13 жастағы екі жасөспірім 9 рет пышақ сұғып өлтіргені туралы жазды. Туыстары бұл іс бойынша әділдік сұрап отыр.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерекке қатысты түсініктеме берді. Полиция мәліметінше, 10 маусымда Түрксіб ауданында пышақ жарақатынан 12 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін жәбірленушімен таныс болған.

- Алдын ала мәлімет бойынша бұл жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және объективті тергеу жүргізу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері атқарылып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар полиция тергеу қорытындысы бойынша бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралап жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін әл-Фарабидегі жол апаты бойынша жәбірленушілер адвокаттан бас тартты.