Алматы прокуратурасы ықшам аудандағы әлеуметтік шиеленістің себептерін талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Тергеу барысында «Школьник» ПИК-інің бұрынғы төрағасы тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқанын анықталған.
2026 жылғы 17 тамызда ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Осындай заңбұзушылықтардың алдын алу және жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсету мақсатында прокуратура істің ашық сот отырысында қаралуын қамтамасыз етті. Сот отырысына проблемалық МИБ және ПИК төрағалары қатысты.
Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақсай-1А ықшам ауданындағы 15 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалып, әлеуметтік шиеленіс жойылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жалған шот-фактуралар арқылы мемлекетке 245 млн теңге шығын келтіргендер сотталғанын хабарлағанбыз.