АЛМАТЫ. KAZINFORM - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы 10:10 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында жатыр.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.9.
MPV Магнитудасы — 5.7.
Жер сілкінісінің бағыты — 40,43° с. б. 77,03° ш. б.
Тереңдігі — 10 шақырым.
Қазақстан аумағында нақты Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.