Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қараша, сағат 00:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Каzinform.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 13.3.
MPV магнитудасы — 6.1.
Жер сілкінісінің координаттары — 40,39° c.e. 77,89° ш. б.
Тереңдігі — 15 шақырым.
«Зілзаланың күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілген» дейді стансадан.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.