Алматыда 4 көлік пен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті
00:28, 15 Шілде 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті.
Алматы қаласы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 18:10–да Алатау ауданында болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатарлас жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан. Онымен қозғалысы тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, автобуспен және Subaru көлігімен соқтығысқан.
— Нәтижесінде 23 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл дерек бойынша ресми тергеу жұмыстары басталды, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кеткенін жазғанбыз.