Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымында ұзындығы 901 метр учаске қайта жаңартылды.
1983 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылып, қазіргі уақытта 17 көпқабатты тұрғын үй, бір балабақша мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұр.
— Биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бүгін Алматыда тозығы жеткен жылу құбыры жарылды.
Осыған дейін Алматыда көшелерді ұзарту үшін 35 млрд теңгеге жер учаскелері сатып алынатыны туралы жазған едік.
Бұдан бөлек, 2025 жылы Алматыда 300 шақырым жол жөнделетіні туралы жазған болатынбыз.