Алматыда 88 заңсыз нысан бұзылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 2022 жылдан бері 88 заңсыз нысан бұзылды.

Алматыда әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіліп жатыр. 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін мегаполисте рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. 

– 2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, қосымша құрылыстар, дәмханалар, көлік жуу орындары бар. Ең ірі нысандар қатарында «Мечта» таунхаусы, «KHAN» тұрғын үй кешендері және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимараты бар,– деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алматы әкімдігі

Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-і толық немесе жартылай бұзылды. 3 нысанда құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңде тоқтатылды.

Айта кетейік, бұзу жұмыстары тек сот шешімі мен тиісті құжаттар негізінде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі. 

Фото: Алматы әкімдігі

– Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы. Қала инфрақұрылымына, көлік және әлеуметтік жүйеге жүктеме артып барады. Рұқсатсыз, бейберекет құрылыс тек қаланың дамуына емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, таулы аймақтағы құрылысқа ерекше назар аудару қажет. Бұл аумақтар сейсмикалық тұрғыдан әлсіз әрі қауіпті аймақтар. Осындай жерлердегі заң бұзушылықтар өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, барлық сүру жұмысы заң аясында сот шешімімен ғана жүзеге асырылып жатыр, – деді урбанист және қоғам қайраткері Гүлмира Байғабұлова.

Осыған дейін Алматыда құрылыс нысандарына бақылау күшейтілетіні туралы жазған болатынбыз

Бұдан бөлек, стационарлық емес заңсыз сауда нысандардың бұзылатыны туралы жазған едік.

Қалада 157 стационарлық емес сауда нысандарын орналастыруға арналған 142 орын бекітілген.