Алматыда адвокаттар алқасының ғимаратында есірткі жарнамасы болған
17:16, 09 Маусым 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы адвокаттар алқасының филиалы №12 Заң кеңесінің ғимаратына кіреберістегі баспалдақта есірткі жарнамасы салынған.
Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл деректі растап, есірткі заттарын насихаттайтын жазу дереу жойылғанын хабарлады.
— Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заңсыз жазудың авторы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін есірткіге еліккендерді емдеудің жаңа клиникалық хаттамасы әзірленіп жатқанын жазғанбыз.