Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан асылып тұрған адамның денесін көруге болады. Бейнежазба Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысына жақын жерде түсірілген. https://t.me/almatylive_kz/139
Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Осыған дейін Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінде ер адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ Түрксіб ауданында бір әйелдің мәйіті табылған болатын.